Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Футболдан әлем чемпионатында Марокко Нидерланд құрамасын жеңіп, келесі кезеңге өтті

    Марокко және Нидерланд құрамалары
    Марокко және Нидерланд құрамалары арасындағы матч. Фото: Carl Recine/Getty Images

    Марокко құрамасы АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатқан 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының плей-офф кезеңінде Нидерланд құрамасын жеңді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Әлем чемпионатының 1/16 финалында Марокко мен Нидерланд арасындағы тартысты кездесу 1:1 есебімен аяқталды.

    Коди Гакпо Нидерландты алға шығарса, матчтың 90+1 минутында Исса Диоп есепті теңестіріп, ойынды пенальти сериясына жеткізді.

    Пенальти сериясында марокколықтар 3:2 есебімен басым түсіп, келесі кезеңге өтті.

    Енді Марокко 1/8 финалда турнир қожайындарының бірі Канада құрамасымен кездеседі. Матч 4 шілдеде Қазақстан уақыты бойынша сағат 22:00-де басталады.

    Футболдан әлем чемпионатында Марокко Нидерланд құрамасын жеңіп, келесі кезеңге өтті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram