Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Талғат Байсуфинов футболдан ұлттық құраманың бас бапкері қызметінен кетті

    Талғат Байсуфинов
    Талғат Байсуфинов. Фото: Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі

    Қазақстан футбол федерациясы Талғат Байсуфиновтың Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметінен кету туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    ҚФФ ресми мәлімдемесінде 57 жастағы маманның отставкасын қабылдағанын, шешіміне құрметпен қарайтынын жеткізді.

    ҚФФ Талғат Байсуфиновтың ұлттық құрама тізгінін ұстаған уақыттағы жұмысын жоғары бағалады.

    "Оның ішінде әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Бельгиямен өз алаңымызда тең түстік. Оның жетекшілігімен команда өзіне деген сенімділікті қайтарып, ФИФА рейтингіндегі орнын жақсартты.

    ҚФФ Талғат Маруаұлына кәсібилігі, ісіне деген адалдығы және Қазақстан ұлттық құрамасының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін алғыс білдіреді, сондай-ақ оған алдағы кәсіби қызметінде сәттілік тілейді" , - делінген хабарламада.

    Федерация бапкерлер штабын жасақтауға қатысты қосымша ақпарат берілетінін, ұлттық құраманың алдағы матчтарға дайындығы жалғасатынын мәлім етті.

    Айта кетейік, Талғат Байсуфинов ұлттық құраманың бас бапкері болып 2025 жылғы қыркүйекте тағайындалған еді. Бұл қызметте ол Али Алиевті алмастырды.

    Талғат Байсуфинов футболдан ұлттық құраманың бас бапкері қызметінен кетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram