Месси тарихи рекорд орнатуы мүмкін: футболдан 22 маусымдағы ӘЧ кестесі
Жарияланған күні:
Читать на русском
Дүйсенбі, 22 маусымда Аргентина құрамасы 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатындағы екінші матчын өткізеді. KAZ.NUR.KZ назарларыңызға ойындар кестесін ұсынады.
Таңғы сессияда G және H топтарының матчтары өтеді. Кешке J тобының уақытша көшбасшылары Аргентина мен Австрия кездеседі.
Бұл кездесуде Лионель Месси әлем чемпионаттары тарихында ең көп гол соққан жалғыз футболшы атануы мүмкін. Бірінші турдағы хет-триктен кейін ол неміс футболшысы Мирослав Клоземен көшбасшылықты бөлісіп тұр. Олардың әрқайсысы әлем біріншіліктерінде 16 гол соққан.
Қазақстан уақыты бойынша 22 маусымға арналған матч кестесі:
- 00:00 (21 маусымнан 22 маусымға қараған түні). Бельгия - Иран. G тобы, "Соу-Фай" стадионы, Инглвуд (АҚШ)
- 03:00. Уругвай - Кабо-Верде. H тобы, "Хард Рок" стадионы, Майами Гарденс (АҚШ)
- 06:00. Жаңа Зеландия - Мысыр. G тобы, "Би-Си Плейс" стадионы, Ванкувер (Канада)
- 22:00. Аргентина - Австрия. J тобы, "Эй-Ти-энд-Ти" стадионы, Арлингтон (АҚШ)
Бұл матчтың барлығын "Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының толық кестесін мына жерден көруге болады.
- Футболдан ӘЧ-2026: Жапония құрамасы Тунисті ойсырта ұтты
- Футболдан ӘЧ-2026: Нидерланд құрамасы Швецияны ірі есеппен жеңді (видео)
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nursport.kz/football/2391184-futboldan-alem-chempionaty-22-mausymdagy-match-kestesi/