Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Норвегия құрамасы футболдан әлем чемпионатын жеңіспен бастады

    Норвежский футболист Эрлинг Холанд
    Эрлинг Холанд. Фото: Buda Mendes/Getty Images

    Норвегия құрамасы АҚШ, Канада және Мексика бірге қабылдап жатқан 2026 жылғы әлем чемпионатын жеңіспен бастады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    I тобының бірінші турында Норвегия құрамасы Иракпен кездесті. Матч АҚШ-тың Фоксборо қаласындағы "Джиллетт" стадионында өтті. Есеп – 4:1.

    Норвегия құрамасының шабуылшысы Эрлинг Холанд екі гол соқты (29 және 43 минуттар). Оның алғашқы голына қорғаушы Дэвид Мёллер Вульф ассист жасады. Қорғаушы Лео Эстигор да гол салды (76).

    Ирак шабуылшысы Аймен Хуссейн (39) Норвегия қақпасынан саңлау тапқан жалғыз голдың авторы атанды. Оған сәтті пас берген – жартылай қорғаушы Амир Әл-Аммари. Соңғы гол Хуссейннің автоголы (90+6) болды.

    Бұл жеңіс Норвегияға үш ұпай әкелді.

    12 топтың әрқайсысынан алғашқы екі команда плей-офф кезеңіне өтеді. Үшінші орын алған сегіз үздік команда да 1/16 финалға жолдама алады.

    Свежая публикация по теме:
    Футболдан ӘЧ-2026: Жапония құрамасы Тунисті ойсырта ұтты

    Біздің Telegram-дағы арнамызға жазылыңыз @sportnurkz. Мұнда спорттан соңғы жаңалықтарды оқи аласыз.

    Норвегия құрамасы футболдан әлем чемпионатын жеңіспен бастады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram