Испания футболдан әлем чемпионатында дебют жасаған Кабо-Вердені жеңе алмады
Жарияланған күні:
Читать на русском
Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатында Испания мен Кабо-Верде құрамалары арасындағы ойында есеп ашылмады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
H тобындағы алғашқы ойын АҚШ-тың Атланта қаласындағы "Мерседес-Бенц" стадионында өтті. Бұл кездесуде гол соғылмады, есеп – 0:0.
Испаниялықтар соққылар саны бойынша қарсыластарынан әлдеқайда басым болды (27:6), оның ішінде қақпаға дәл бағытталған соққылар бойынша да көрсеткіш жоғары (7:1).
Сондай-ақ Еуропаның қазіргі чемпиондары допқа әлдеқайда көп иелік еткен: 62 пайыз - 28 пайыз (қалған 10 пайыз уақыт өзара тартыспен өткен).
Ал жеті сейв жасаған Кабо-Верде құрамасының 40 жастағы қақпашысы Возиньо матчтың үздік ойыншысы атанды.
Қазір тең тарқасқан екі команданың еншісінде бір-бір ұпайдан бар. Бұдан бөлек, Сауд Арабиясы мен Уругвай құрамаларында да бір-бір ұпай бар. Бұл матчта да жеңімпаз анықталмады.
Айта кетейік, бұл – Кабо-Верде құрамасының әлем чемпионатындағы дебюті. Команда ФИФА рейтингінде 67-орында, Испания екінші орында тұр.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nursport.kz/football/2388880-ispaniia-futboldan-alem-chempionatynda-debiut-zhasagan-kabo-verdeni-zhenge-almady/