"Қайраттың" 19 жастағы қорғаушысы Қазақстан Премьер-лигасында дебют жасады
Жарияланған күні:
"Қайраттың" 19 жастағы қорғаушысы Адлан Нұрғалиев Қазақстан Премьер-лигасында дебют жасады, деп хабарлайды алматылық клубқа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Адлан Нұрғалиев 13 маусымда "Атырау" командасына қарсы өткен матчтың 83-минутында Александр Мрынскийдің орнына алаңға шыққан.
Футболшы Ақмола облысының Степняк қаласында дүниеге келген. "Қайрат" академиясында 2021 жылдан бері тәлім алып келеді.
2023 жылы U-18 командасымен бірге QJ League чемпионы атанса, 2024 жылдан бастап Бірінші лигада "Қайрат-Жастар" сапында өнер көрсетіп жүр.
Наурыз айында Адлан негізгі командамен бірге Санкт-Петербургке барып, "Зенитке" қарсы матчта алғашқы минуттарда алаңға шыққан.
Ал сәуірде қорғаушы Қазақстан Кубогындағы "Жайық" пен "Қайсарға" қарсы кездесулерде негізгі команда сапындағы дебютін өткізген.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nursport.kz/football/2388648-qairattyng-19-zhastagy-qorgaushysy-qazaqstan-premer-ligasynda-debiut-zhasady/