Футболдан ӘЧ-2026: ашылу салтанатын, бірінші күннің матчтарын қайдан көруге болады
Жарияланған күні:
Читать на русском
Қазақстан уақыты бойынша 11 маусымнан 12 маусымға қараған түні футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты басталады. KAZ.NUR.KZ әлем біріншілігінің ашылуы салтанатына, бірінші күннің кестесіне қатысты ақпарат ұсынады.
Естеріңізге сала кетейік, футболдан әлем чемпионаты алғаш рет үш елде өтеді. Олардың арасында Мексика бар.
Мексика ұлттық құрамасы турнирдің шымылдығын ашады. Олар Оңтүстік Африкаға қарсы ойнайды. Сондай-ақ бірінші күні А тобының басқа қатысушылары – Оңтүстік Корея мен Чехия да бақ сынайды.
Қазақстан уақыты бойынша матч кестесі:
- 00:00 (11 маусымнан 12 маусымға қараған түні). Мексика - Оңтүстік Африка. А тобы, "Ацтека" стадионы, Мехико.
- 07:00 (12 маусым). Оңтүстік Корея - Чехия. А тобы, "Акрон стадионы", Сапопан.
Екі матчты да Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Ал әлем чемпионатының ашылу салтанаты сағат 22:40-та басталады, оған Андреа Бочелли, Шакира сияқты танымал тұлғалар қатысады. Ашылу салтанатын Qazaqstan және Qazsport телеарналарының тікелей эфирінен тамашалауға болады.
2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының толық кестесін мына жерден көре аласыздар.
- Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының кестесі
- Сауд Арабиясы футболдан әлем чемпионатының ойындарына билетті тегін тарата бастады
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nursport.kz/football/2387228-futboldan-2026-zhylgy-alem-chempionaty-ashylu-saltanatyn-birinshi-kunning-matchtaryn-qaidan-koruge-bolady/