Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Белгілі жайдарманшы облыстық күрес федерациясының вице-президенті болып тағайындалды

    Мансар Орынхан жаңа қызметке тағайындалды
    Мансар Орынхан жаңа қызметке тағайындалды. Фото: instagram.com/mansar.million

    Белгілі жайдарманшы Мансар Орынхан Түркістан облысы күрес федерациясының вице-президенті қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ол желідегі парақшасында хабарлады.

    "Бұл – мен үшін үлкен жауапкершілік әрі сенім. Көрсетілген қолдау үшін Түркістан облысы күрес федерациясына және Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына алғысымды білдіремін.

    Алдағы уақытта күрес спортын кеңінен насихаттау, оның имиджін арттыру және медиа бағытты жаңа деңгейге көтеру жолында бар күш-жігерімді саламын.

    Жинақтаған тәжірибем мен шығармашылық көзқарасымды осы салаға бағыттап, бірлесе отырып нәтижелі жұмыс атқарамыз деп сенемін.

    Басты мақсат – спорттың беделін көтеріп, жас буынға мотивация беру.

    Алда үлкен жұмыстар бар. Бірге дамимыз!", - деп жазды ол.

    Белгілі жайдарманшы облыстық күрес федерациясының вице-президенті болып тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram