Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Жәмилә Бақбергенова Ресейдегі халықаралық турнирде жеңімпаз атанды

    Жәмилә Бақбергенова
    Жәмилә Бақбергенова. Фото: uww.org

    Танымал балуан Жәмилә Бақбергенова Ресейдегі халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Қазақстан Күрес федерациясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ресейдің Красноярск қаласында өткен Иван Ярыгин атындағы халықаралық турнирде Қазақстан әйелдер құрамасы 1 алтын, 2 күміс медаль олжалаған.

    2026 жылдың алғашқы ресми бәсекесінде 72 келі салмақ дәрежесінде Жәмилә Бақбергенова қарсыластарын айқын басымдықпен жеңіп, алтын медаль иеленген.

    Ал 55 келі салмақ дәрежесінде Лаура Алмағанбетова мен 59 келіде Виктория Хусаинова күміс жүлдегер атанған.

    Жәмилә Бақбергенова Ресейдегі халықаралық турнирде жеңімпаз атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram