Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Ислам ойындары: Қазақстан қоржынына тағы екі күміс медаль түсті

    Жібек Құлымбетова
    Жібек Құлымбетова. Фото: ҰОК баспасөз қызметі

    Эр-Риядта өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында бүгін Қазақстан қоржыны тағы екі күміс медальмен толықты. Отандық спортшылар джиу-джитсу мен гандболдан екінші орынды еншіледі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    52 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған балуан Жібек Құлымбетова джиу-джитсудан Ислам ойындарында екінші орынға ие болды. 

    Ақтық сында ол Асма Альхосанимен (БАӘ) кездесті. Шешуші жекпе-жектің қорытындысы бойынша БАӘ өкілі жеңіске жетсе, Жібек жарысты екінші орынмен аяқтады.

    Сондай-ақ гандболдан әйелдер құрамасы да ел қоржынын күміс жүлдемен толықтырды. Финалдық бәсекеде қазақстандық спортшылар Түркия құрамасына 34:31 есебімен жол беріп қойды.

    Айта кетейік, бұған дейін балуан Ризабек Айтмұхан да Ислам ынтымақтастығы ойындарында күміс жүлдені жеңіп алғанын хабарлаған едік.

    Ислам ойындары: Қазақстан қоржынына тағы екі күміс медаль түсті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram