Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Төрехан Сабырхан Азия ойындарында қола медаль алған ағасына қолдау білдірді

    ағайынды Сабырхандар
    Ағайынды боксшылар. Фото: instagram.com/sabyrkhantorekhan

    Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан Азия ойындарының қола жүлдегері атанған туған ағасы Махмұдқа арнап жазба жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Бұған дейін хабарлағанымыздай, Махмұд Сабырхан Жапонияда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында қола жүлдеге ие болды. 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі жартылай финалда ол филиппиндік Карло Пааламмен кездесті.

    Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті бөлек шешіммен филиппиндік спортшыға берді - 3:2. Екі төреші 29:27 және 30:26 есебімен Сабырханның жеңісін тіркесе, тағы екеуі 29:27 есебімен Пааламның басымдығын көрсетті, ал бесінші төрешінің есебі 28:28 болды. Нәтижесінде финалға филиппиндік боксшы шықты.

    Осыдан кейін Қазақстан бокс федерациясы Азия ойындарындағы екі жартылай финалдық жекпе-жектің, соның ішінде Сабырхан қатысқан кездесудің нәтижесімен келіспейтінін мәлімдеді. Еліміз World Boxing ұйымына наразылық білдірді.

    Осы тұста Төрехан Сабырхан Азия ойындарының жартылай финалындағы жеңілістен кейін ағасы Махмұдқа қолдау білдірді. Ол Instagram-дағы парақшасындағы stories бөлімінде жекпе-жектен кейінгі ағасымен түскен суретін жариялады.

    "Бүкіл ел нағыз чемпионның қандай болатынын көрді. Ең маңызды сәтте өзіңіздің нағыз чемпион екеніңізді дәлелдедіңіз!" - деп жазды Төрехан.

    Айта кетейік, Төрехан Сабырханның өзі бүгін Азия ойындарының финалында 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Оның қарсыласы – иорданиялық Зеяд Ишаиш.

    Төрехан Сабырхан Азия ойындарында қола медаль алған ағасына қолдау білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram