Боксшы Айбек Оралбай 2026 жылғы Азия ойындарының финалына шықты
Жарияланған күні:
Читать на русском
Қазақстан ерлер ұлттық құрамасының капитаны, боксшы Айбек Оралбай Жапонияда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарының финалына шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
2026 жылғы Азиаданың кезекті жарыс күнінде боксшылар шаршы алаңға шықты.
90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Қазақстан құрамасының атынан команда капитаны Айбек Оралбай өнер көрсетті. Жартылай финалдық жекпе-жекте ол үндістандық Нарендермен кездесті.
Үш раундқа созылған жекпе-жек Айбек Оралбайдың айқын басымдығымен аяқталды. Төрешілер бірауыздан 5:0 есебімен жеңісті қазақ боксшысына берді
Финалда Айбек өзбекстандық Жахонгир Зокиров пен ирандық Амир Эсмаэли Вандай арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен кездеседі.
Айта кетейік, 26 жастағы Айбек Оралбай – әлем чемпионы (2025) және екі дүркін Азия чемпионы (2022, 2024).
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nursport.kz/boxing/2435110-boksshy-aibek-oralbai-2026-zhylgy-aziia-oiyndarynyng-finalyna-shyqty/
