Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Олимпиада жүлдегері Нұрбек Оралбай Азиаданың ширек финалында өзбекстандық боксшыдан жеңілді

    Нұрбек Оралбай
    Нұрбек Оралбай. Фото: Владислав Семенов / ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті

    Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында бокстан Қазақстан құрамасының өкілі Нұрбек Оралбай жарыс жолынан шығып қалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен ширек финалда қазақ боксшысы осы дивизиондағы қазіргі әлем чемпионы, өзбекстандық Тұрабек Хабибуллаевпен кездесті.

    Бірінші раундта барлық төреші жеңісті қарсыласқа берді. Кейіннен Нұрбек кездесу тізгінін қолға алып, жағдайды теңестіргенімен, соңында төрешілер шешімі екіге жарылып, өзбекстандық боксшыға 2:3 есебімен есе жіберді.

    Осылайша, Хабибуллаев жүлдеге таласты жалғастырады, ал Оралбай жарысты аяқтады.

    Естеріңізге сала кетейік, Нұрбек Оралбай – 80 келіге дейінгі салмақта 2024 жылғы Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері. Ол соңғы Азия чемпионатында 85 келіге дейінгі салмақта жеңіске жеткен еді. Азия ойындарына қатысу үшін қазақстандық боксшы 90 келіге дейінгі салмаққа ауысты.

    Олимпиада жүлдегері Нұрбек Оралбай Азиаданың ширек финалында өзбекстандық боксшыдан жеңілді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram