Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Олимпиада жүлдегері Нұрбек Оралбай Азия ойындарының ширек финалына шықты

    Нұрбек Оралбай
    Нұрбек Оралбай. Фото: Ұлттық олимпиадалық комитет

    Қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай Жапонияда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарын жеңіспен бастады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    1/8 финалда спортшы рингте ауғанстандық Силаб Нуримен кездесті. Жекпе-жектің үш раундында да Оралбай айқын басымдық көрсетті.

    Нәтижесінде қазақстандық боксшы төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетіп, ширек финалға жолдама алды. Келесі кезеңде ол бастапқы раундтан жарыссыз өткен World Boxing қолдауымен әлем чемпионы атанған өзбекстандық Тұрабек Хабибуллаевпен кездеседі.

    Нұрбек Оралбай – Париж-2024 Олимпиада ойындарының 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі күміс жүлдегері. Ол соңғы Азия чемпионатында 85 келіге дейінгі дивизионда жеңіске жеткен болатын. Азиадаға қатысу үшін қазақстандық спортшы 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесіне ауысты.

    Олимпиада жүлдегері Нұрбек Оралбай Азия ойындарының ширек финалына шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram