Төрехан Сабырхан қарсыласын ойсырата жеңіп Азия ойындарының ширек финалына жолдама алды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҰОК-ке сілтеме жасап.
Жерлесіміз 70 келіге дейінгі салмақтың 1/8 финалында қатарлық Мохаммед Дбичимен қолғап түйістірді.
Үш раундтың қорытындысы бойынша Төрехан Сабырхан төрешілердің шешімімен 5:0 есебімен жеңіске жетті. Осылайша ол ширек финалға жолдама алды.
Айта кетейік, бұған дейін Сабыржан Аққалықов (80 келіге дейін) жарысты аяқтаған еді.
Оның келесі қарсыласы үндістандық Сумит және ирактық Әли Қасым Хамдан Әл-Саррай арасындағы жекпе-жекте анықталады.
Сабырхан 20 жаста. Былтыр ол Қазақстан тарихында ересектер арасындағы әуесқой бокстан ең жас әлем чемпионы атанды.
Сабырханның жеңісі ұлттық құраманың 2026 жылғы Азия ойындарындағы дебюті болып саналады.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nursport.kz/boxing/2432535-torehan-sabyrhan-qarsylasyn-oisyrata-zhengip-aziia-oiyndarynyng-shirek-finalyna-zholdama-aldy/
