Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    "Соларды біраз қинайық": Жәнібек Әлімханұлы енді суперорта салмақта өнер көрсететінін мәлімдеді

    Жәнібек Әлімханұлы
    Жәнібек Әлімханұлы. Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly

    Боксшы Жәнібек Әлімханұлы енді суперорта салмақта жұдырықтасатынын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Боксшы жаңа салмаққа ауысқанын Instagram-дағы парақшасында хабарлады.

    "Орта салмақты біраз шулатып, екі бірдей әлем чемпионы титулын иелендік! Qazaq style-ды осы салмақта әлемдік аренаға алып шықтық. Орта салмақ боксшыларының түнгі қорқынышы атандық. Талай қызықтар мен қиындықтарды, қуаныштар мен сәтсіздіктерді де осы салмақта бастан өткердік. Осы салмақта әнұранымызды шырқатып, көк туымызды желбіреттік! Жанкүйерлерге естен кетпес өнер көрсетіп, жарқын нокауттар сыйладық.

    Енді осы ісімізді суперорта салмақта жалғастырамыз. Осы салмақта біраз атақты боксшылар бар. Менің салмағымда болғандар қазір осы суперорта салмақта өнер көрсетіп, чемпион атануда. Соларды біраз қинайық. Бұл шешімді Америкадағы командамызбен, промоутер және менеджермен ақылдаса отырып, мақсат қоя қабылдадық.

    Бұрыннан айтып жүретініміздей, бұйырса, біз 3-4 салмақтың чемпионы боламыз! Ал жанкүйерлер, суперорта салмаққа қош келдік!" - деп жазды боксшы.

    Айта кетейік, бұған дейін WBO президенті Густаво Оливьери боксшы Жәнібек Әлімханұлының орта салмақтағы титулынан бас тартқанын, енді ол екінші орта салмақта өнер көрсететінін хабарлаған еді.

    "Соларды біраз қинайық": Жәнібек Әлімханұлы енді суперорта салмақта өнер көрсететінін мәлімдеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram