Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    World Boxing рейтингінде бес қазақ боксшысы көш бастады

    Төрехан Сабырхан
    Төрехан Сабырхан. Фото: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

    World Boxing ұйымы әуесқой боксшылардың жаңартылған әлемдік рейтингін жариялады. Тізімде бес қазақ боксшысы көш бастап тұр, деп хабарлайды Қазақстан бокс федерациясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Федерацияның мәліметінше, ерлер арасындағы рейтингте Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Төрехан Сабырхан және Айбек Оралбай өз салмақтарында бірінші орында тұр.

    Үздік үштіктен Оразбек Асылқұлов, Сабыржан Аққалықов және Нұрбек Оралбай көрінген.

    Топ-10 қатарына Ертуған Зейнуллинов, Сұлтанбек Айбарұлы және Сағындық Тоғамбай қосылған.

    Әйелдер арасында 70 келідегі Наталья Богданова көш бастап тұр.

    Өз салмақтарында үздік үштікте Назым Қызайбай, Алуа Балқыбекова, Аида Әбікеева, Надежда Рябец және Дина Исламбекова бар.

    Топ-10-ға Әйгерім Сәттібаева, Виктория Графеева, Бақыт Сейдіш, Валентина Хальзова, Гүлсая Ержан және Елдана Тәліпова кірген.

    World Boxing рейтингінде бес қазақ боксшысы көш бастады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram