Дмитрий Биволдың жекпе-жегі мен Роман Фресстің реваншы Қазақстанда көрсетіледі

    Бой Бивола и Фресса
    Фото: Freedom media

    Freedom Media бірден екі ірі бокс кешін көрсетудің эксклюзивті құқығына ие болды.

    30 мамыр күні қазақстандық көрермендерді кәсіпқой бокс әлеміндегі екі ірі шара күтеді. Freedom Media онлайн-кинотеатры Дмитрий Биволдың чемпиондық жекпе-жегін, ал одан кейін қазақстандық Роман Фресстің Арменд Ходжайға қарсы реваншын көрсетеді.

    Екі жекпе-жек те сервистің стандартты жазылымы аясында қосымша ақысыз қолжетімді болады.

    Турнирдің басты шарасы — қазіргі әлем чемпионы Дмитрий Биволдың неміс боксшысы Михаэль Айфертке қарсы IBF, WBA, WBO және IBO белбеулері үшін жартылай ауыр салмақтағы жекпе-жегі.

    Бивол бұл жекпе-жекке салмақ дәрежесіне қарамастан әлемнің ең үздік боксшыларының бірі ретінде келеді. Соңғы жылдары ол қазіргі бокстың ең мықты әрі тұрақты чемпиондарының бірі ретінде танылды. Ал оның қарсыласы Айферт — алыс қашықтықта сәтті өнер көрсететін, әлемдік деңгейге шығуды көздеген өте қауіпті боксшы.

    Басты жекпе-жектен бөлек, турнир аясында бірнеше чемпиондық айқас пен рейтингтік кездесулер өтеді.

    30 мамырдағы жекпе-жектер кестесі:

    Трансляцияның басталуы — 17:00

    • 17:00 — Шугаиб Насрулаев vs Матвей Доценко;
    • 17:30 — Валерий Оганисян vs Гор Хачятрян;
    • 18:00 — Олег Мисюра vs Константин Мишечкин;
    • 18:30 — Сергей Лубкович vs Майкл Кинг (IBF Asia титулы үшін жекпе-жек);
    • 19:20 — Сайпайер Рузи vs Шарабутдин Атаев;
    • 20:00 — Гонсало Гарсия vs Никита Зонь (WBA Gold титулы үшін жекпе-жек);
    • 20:50 — Себастьян Папечи vs Вадим Туков (WBA Gold титулы үшін жекпе-жек);
    • 21:30 — Эрни Бетанкур vs Мухаммад Шехов (WBA World титулы үшін іріктеу жекпе-жегі);
    • 22:40 — Кристиан Оливо vs Всеволод Шумков (WBA Gold титулы үшін жекпе-жек);
    • 23:20 — Михаэль Айферт vs Дмитрий Бивол (IBF World, WBA World, WBO World, IBO World титулдары үшін жекпе-жек).

    Бірақ боксқа толы демалыс мұнымен аяқталмайды! 31 мамырға қараған түні Freedom Media тағы бір маңызды жекпе-жекті көрсетеді — Магдебургте өтетін қазақстандық Роман Фресс пен Арменд Ходжай арасындағы реванш.

    Бой Бивола и Фресса
    Фото: Freedom media

    Бұл айқастың Роман Фресс үшін орны ерекше. Дәл осы Ходжай 2022 жылы оның кәсіби мансабындағы жалғыз жеңілісін тіркеген болатын. Енді Романның есе қайтаратын мүмкіндігі бар.

    Жекпе-жекте WBO-ның бірден үш титулы сарапқа салынады: International, Intercontinental және European. Жеңіске жеткен боксшы рейтингте бірінші орынға көтеріліп, WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағына үміткер атанады.

    Реванштың тікелей трансляциясы 31 мамыр күні Астана уақытымен 00:00-де басталады.

    Екі бокс кешін де Freedom SuperApp қосымшасындағы Freedom Media онлайн-кинотеатрынан тамашалауға болады. 30 күндік жазылымды небәрі 5 ₸-ге қосуға болады. Барлық жекпе-жек жазылымға кіреді және қосымша төлемді қажет етпейді.

    Мобильді құрылғылар арқылы — https://freedombank.onelink.me/WNLd/07geu2i1.

    Компьютер арқылы — по ссылке https://fmedia.kz/promo#promocode_wizard с промокодом BIVOLNUR.

    Сервис Smart TV-де де қолжетімді: қосымшаны теледидарға орнатып, жекпе-жектерді үлкен экраннан тамашалауға болады.

    *PR құқығында

    Дмитрий Биволдың жекпе-жегі мен Роман Фресстің реваншы Қазақстанда көрсетіледі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram