Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Назым Қызайбай, Аида Әбікеева: Бразилиядағы әлем кубогы кезеңіне қатысатын боксшылар белгілі болды

    бокс қолғабы
    Бокс қолғабы. Иллюстрациялық фото: AMAURY CORNU/Hans Lucas/AFP via Getty Images

    Бокстан 2026 жылғы әлем кубогының алғашқы кезеңіне қатыстан қазақстандық боксшылар анықталды. Тізімде 4 бірдей әлем чемпионы бар, деп хабарлайы Қазақстан бокс федерациясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Федерацияның мәліметінше, әлем кубогының алғашқы кезеңіне Қазақстан құрамасынан 16 боксшы қатысады. Жарыс 20-26 сәуір аралығында Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өтеді.

    Бұл бәсекеге 50-ден аса елден 400-ге жуық боксшы қатысады деп күтіліп отыр. Қазақстан атынан Нұржан Насанов баптайтын ерлер құрамасынан 9 боксшы және Елдос Сайдалин жетекшілік ететін әйелдер құрамасынан 7 боксшы жүлдеге таласады.

    Жарысқа қатысатын боксшылар:

    Ерлер

    • 50 келі. Даниял Сәбит
    • 55 келі. Бағлан Кенжебек
    • 60 келі. Жансері Көшербаев
    • 65 келі. Мұхаммедсабыр Базарбайұлы
    • 70 келі. Фарух Тоқтасынов
    • 75 келі. Санжарәлі Бегалиев
    • 80 келі. Диас Молжігітов
    • 85 келі. Сұлтанбек Айбарұлы
    • 90 келі. Дәулет Төлемісов

    Әйелдер

    • 51 келі. Алуа Балқыбекова
    • 54 келі. Назым Қызайбай
    • 60 келі. Виктория Графеева
    • 65 келі. Аида Әбікеева
    • 70 келі. Наталья Богданова
    • 80 келі. Жібек Жарасқызы
    • +80 келі. Валерия Аксенова

    "2025 жылғы Ливерпульдегі жетістіктерімізден кейін аруларымыздың көпшілігі енді ғана ресми жарысқа оралмақ. Бұл тізімде 4 бірдей әлем чемпионы (Алуа Балқыбекова, Назым Қызайбай, Аида Әбікеева, Наталья Богданова) бар", - делінген хабарламада.

    Жалпы Бразилия өз тарихында екінші мәрте әлем кубогының кезеңін ұйымдастыруға мүмкіндік алған. 2025 жылы Қазақстан құрамасы 3 алтын, 3 қола жүлде иеленген.

    Назым Қызайбай, Аида Әбікеева: Бразилиядағы әлем кубогы кезеңіне қатысатын боксшылар белгілі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram