jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    2024 жылғы Олимпиада жүлдегері Нұрбек Оралбай алғаш рет бокстан Азия чемпионы атанды

    Нұрбек Оралбай
    Нұрбек Оралбай. Фото: Ұлттық олимпиадалық комитет

    Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Нұрбек Оралбай Ұлан-Батырда өтіп жатқан Азия чемпионатының финалдық кездесуінде жекпе-жекке шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Қазақстандық боксшы финалда 85 кг салмақ дәрежесінде өзбекстандық Жасурбек Юлдошевпен қолғап түйістірді.

    Оралбай жекпе-жек бойы қарсыласынан басым болды. Бірінші раундта барлық төреші Нұрбекке (5-0) ұпай берді. Екінші раундта қазақстандық спортшы басымдығын сақтап қалды. Осылайша, Нұрбек Оралбай бірауыздан төрешілер шешіміне сәйкес, 5:0 есебімен жеңіске жетті.

    Бұл ерлер құрамасының ағымдағы Азия біріншілігіндегі үшінші алтын медалі. Бұған дейін Оразбек Асылқұлов пен Сабыржан Аққалықов чемпион атанды.

    Естеріңізге сала кетейік, 25 жастағы Нұрбек Оралбай — 2024 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, 2023 жылғы әлем чемпионы және 2022 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері.

    Бүгін Нұрбектің егіз бауыры Айбек Оралбай Азия чемпионатында 90 келіден жоғары салмақ дәрежесі бойынша финалда бақ сынайды.

    2024 жылғы Олимпиада жүлдегері Нұрбек Оралбай алғаш рет бокстан Азия чемпионы атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.