Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Елена Рыбакина 2026 жылы әйелдер арасында ең көп табыс тапқан теннисші атанды

    Елена Рыбакина
    Елена Рыбакина. Фото: instagram.com/lenarybakina

    Әлемнің бірінші ракеткасы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина биылғы маусымда басқа теннисшілерге қарағанда көбірек жүлдеге ие болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sportico-ға сілтеме жасап.

    Сарапшылар 2026 жылы ең көп табыс тапқан теннисшілердің рейтингін жасады. Рыбакина 10,8 млн доллар табыспен жалпы есепте үздік үштікке енді. Қазақстандық теннисшіден жоғары тек германиялық Александр Зверев (14,7 млн) пен италиялық Янник Синнер (11,5 млн доллар жүлде қорымен) тұр.

    Әйелдер арасында Елена көш бастап тұр. Табыстың басым бөлігі "Үлкен дулыға" турнирлерінің ішіндегі ең ірі жүлде қорына ие АҚШ ашық чемпионатындағы жеңісінен түскені атап өтілді.

    Биыл барлығы 50 теннисші – 23 әйел және 27 ер адам – кортта кемінде 2 млн доллар табыс тапты. Ойыншылар үшін ірі жүлде алуға келесі мүмкіндік қарашада өтетін ATP және WTA қорытынды турнирлерінде туады.

    Бұған дейін әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакинаның 2026 жылғы АҚШ ашық чемпионатында қанша қаражат тапқанын хабарлаған едік.

    Елена Рыбакина 2026 жылы әйелдер арасында ең көп табыс тапқан теннисші атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram