Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Криштиану Роналду мансабын қашан аяқтайтынын айтты

    Криштиану Роналду
    Криштиану Роналду. Фото: Molly Darlington/Getty Images

    Португалиялық футболшы Криштиану Роналду мансабын қашан аяқтауы мүмкін екенін айтты. Ол футболдан тыс өмірлік жоспарын да бөлісті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Vogue-ке сілтеме жасап.

    Басылымға берген сұхбатында Криштиану Роналду биылғы маусым соңында мансабын аяқтауы мүмкін екенін мәлімдеді.

    "Бұл менің футболдағы соңғы жылым болуы мүмкін және өзімнен кейін жарқын із қалдырғым келеді", - деді футболшы.

    Оның айтуынша, 25 жылдық мансабында ол көп нәрсені құрбан еткен. Болашақта ол уақытын отбасына арнағысы келеді.

    "Футболдан кейін бос уақыт көбейеді. Сондықтан уақытты бір нәрсемен айналысып қана емес, әртүрлі жолмен өткізу керек. Сонымен қатар көбірек көңіл көтеріп, саяхаттау қажет. Маған падел ойыны ұнайды, соны көріп, ойнап, қол жеткізген жетістіктерімізден ләззат алғым келеді", - деді Роналду.

    Еске сала кетейік, "Әл-Наср" көшбасшысы Криштиану Роналду маусымның алғашқы матчына қатысатын ойыншылар тізіміне енбеді. Португалиялық шабуылшы әрі команда капитаны ойынды ұлымен бірге трибунадан тамашалады.

    Маусым басталмас бұрын Роналду сүйіктісі Джорджина Родригеспен заңды некеге тұрғанын жазғанбыз.

    Криштиану Роналду мансабын қашан аяқтайтынын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram