Тоқаев әкесі қайтыс болған Шавкат Рахмоновқа көңіл айтты
Жарияланған күні:
Читать на русском
Мемлекет басшысы кәсіби спортшы, аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновқа көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев танымал спортшы Шавкат Рахмоновтың әкесі Бақтыбай Алпамысовтың дүниеден өтуіне байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл айтты.
"Бақтыбай Рахмонұлы мағыналы ғұмыр кешкен қадірлі жан болды. Нағыз отаншыл азамат ретінде ел мерейін үстем еткен, бүкіл қазақ жұртының мақтанышына айналған өзіңіздей жігерлі ұрпақ тәрбиелеп өсірді. Әкеңіздің иманы саламат, жаны жәннатта болсын!", – делінген жеделхатта.
Еске салсақ, спортшының қарындасы Сора Рахмонованың әлеуметтік желідегі парақшасында көпшілікке қаралы хабарды жеткізген еді.
Жарияланған мәліметке сәйкес, марқұмның рухына арналған бейсенбілік Құран асы 13 тамыз күні сағат 18:00-де өтеді.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nursport.kz/about-sports/2410825-toqaev-akesi-qaitys-bolgan-shavkat-rahmonovqa-kongil-aitty/
