Бразилияда 15 жастағы футболшы оқ тиіп қайтыс болды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Бразилияда атыс кезінде "Сентро Спортиво Алагоано" клубының 15 жастағы футболшысы қаза тапты – ол абайсызда оққа ұшқан болуы мүмкін, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Спортқа сілтеме жасап.
Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше, жас футболшы Бразилияның Масейо қаласында өткен жолдастық кездесу кезінде қаза тапқан.
Шабуыл кезінде жараланған жасөспірім ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оны аман алып қала алмады. Атыс салдарынан тағы бірнеше адам зардап шекті.
Тәртіп сақшыларының болжамынша, қылмысқа есірткі саудасымен айналысатын топтың қатысы бар. 15 жастағы футболшының кездейсоқ оққа ұшқаны айтылуда.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nursport.kz/about-sports/2407403-braziliiada-15-zhastagy-futbolshy-oq-tiip-qaitys-boldy/
