Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Тоқаев Қазақстан құрамасын семсерлесуден әлем чемпионатындағы тарихи жеңісімен құттықтады

    Семсерлесуден Қазақстан құрамасы
    Семсерлесуден Қазақстан құрамасы. Фото: t.me/AibekSmadiyar

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасын Гонконгта өткен әлем чемпионатындағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айбек Смадияровқа сілтеме жасап.

    Мемлекет басшысы құттықтауында семсерлесушілердің ел тарихындағы тұңғыш алтын медалі спорттық шеберліктің, болаттай берік мінез бен командалық рухтың айқын көрінісі екенін атап өтті. 

    Қасым-Жомарт Тоқаев жеңімпаздар мен жаттықтырушылар құрамына Қазақстанның әлемдік аренадағы беделін арттыруға қосқан үлесі үшін шынайы алғысын айтып, жаңа жеңістерге жете беруіне тілектестік білдірді.

    Еске салсақ, Қазақстан құрамасы тарихта тұңғыш рет семсерлесуден әлем чемпионатында алтын иеленді.

    Тоқаев Қазақстан құрамасын семсерлесуден әлем чемпионатындағы тарихи жеңісімен құттықтады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram