Қызылордада "Ауыл – ел бесігі" бағдарламасы аясында екі заманауи спорт кешені пайдалануға берілді

    Қызылордада "Ауыл – ел бесігі" бағдарламасы аясында екі заманауи спорт кешені пайдалануға берілді
    Фото: Қызылорда облысының баспасөз қызметі

    Бүгін Қызылорда облысының әкімі Мұрат Ергешбаевтың Қазалы ауданына жұмыс сапары барысында аудан тұрғындары үшін маңызды екі спорттық нысан – Қожабақы ауылында және Әйтеке би кентінде салынған жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешендері пайдалануға берілді, деп хабарлайды Қызылорда облысы әкімдігі.

    Алдымен Қожабақы ауылындағы жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ашылу рәсіміне қатысқан аймақ басшысы тұрғындарды құттықтап, елді мекендерде кәсіби және бұқаралық спортты дамытудың маңыздылығын атап өтті.

    Қызылордада "Ауыл – ел бесігі" бағдарламасы аясында екі заманауи спорт кешені пайдалануға берілді
    Фото: Қызылорда облысының баспасөз қызметі

    "Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы: "Ауыл – біздің алтын бесігіміз. Ауылдағы тіршілік сапасын жақсартпай, жалпыұлттық дамуды елестету мүмкін емес" деген болатын.

    Бүгін Өздеріңізбен бірге "Ауыл – ел бесігі" бағдарламасы аясында Қожабақы ауылында салынған жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенін ашуға жиналдық. Бір күнде 100 адамды қабылдауға қауқарлы заманауи кешенде бокс, грек-рим күресі, волейбол, футбол және баскетбол сынды спорт түрлерімен айналысуға болады. Бұл ауыл жастарының бұқаралық спортпен тұрақты шұғылдануына, салауатты өмір салтын қалыптастыруға, болашақ чемпиондарды тәрбиелеуге жол ашады деп сенемін", - деді облыс әкімі.

    Жұмыс сапары аясында облыс әкімі Ақтан батыр, Жанқожа батыр, Бекарыстан би, Майдакөл және Ү.Түктібаев елді мекендерінің тұрғындарымен кездесіп, халықтың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

    Қызылордада "Ауыл – ел бесігі" бағдарламасы аясында екі заманауи спорт кешені пайдалануға берілді
    Фото: Қызылорда облысының баспасөз қызметі

    Сонымен қатар осы күні Әйтеке би кентінде де "Ауыл – ел бесігі" бағдарламасы аясында салынған жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді.

    Салтанатты рәсімде сөз сөйлеген облыс әкімі өңірде кәсіби және бұқаралық спортты дамытуға ерекше көңіл бөлініп отырғанын атап өтті.

    "Мемлекет басшысының қолдауымен бүгінгі пайдалануға беріліп отырған бұл кешенде қазақ күресі, дзюдо, үстел теннисі, волейбол, футбол, гандбол және баскетбол секілді спорт түрлерімен айналысуға барлық жағдай жасалған. Нысан бір күнде 150 спортшыны қабылдай алады.

    Қызылордада "Ауыл – ел бесігі" бағдарламасы аясында екі заманауи спорт кешені пайдалануға берілді
    Фото: Қызылорда облысының баспасөз қызметі

    Бұл жерден еліміздің абыройын халықаралық ареналарда асқақтататын чемпиондар тәрбиеленіп шығады деп сенеміз", – деді аймақ басшысы.

    Айта кетейік, Мемлекет басшысының, Үкіметтің қолдауымен 2022 жылдан бері өңірде 200-ден астам әлеуметтік нысан бой көтерді. Оның 27-сі — спорт кешені, бүгінде ел игілігіне айналды. Бұдан бөлек Қызылорда қаласында 11 мың орындық "Қайсар Арена" стадионы, "Теннис орталығы" , Инклюзивті спорт кешені пайдалануға берілді.

    "Қазақстан халқына" қоғамдық қорының қолдауымен Шиелі, Жалағаш аудандарында жаңа спорт кешендері ашылды.

    Қызылордада "Ауыл – ел бесігі" бағдарламасы аясында екі заманауи спорт кешені пайдалануға берілді
    Фото: Қызылорда облысының баспасөз қызметі

    Бүгінде облыс орталығында "Қызылорда Арена" көпбейінді спорт кешенінің, "Қайсар" футбол клубы академиясының құрылысы қарқын алды.

    Қызылордада "Ауыл – ел бесігі" бағдарламасы аясында екі заманауи спорт кешені пайдалануға берілді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram