Футболдан ӘЧ-2026: шетелдік комментатор тікелей эфирде Өзбекстан құрамасын Қазақстанмен шатастырды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Футболдан әлем чемпионатын трансляциялаған FOХ Sports телеарнасының комментаторы Өзбекстан-Колумбия құрамаларының матчын жүргізіп отырған кезінде қателесіп, Өзбекстанды Қазақстан деп атады, деп хабарлайды Sports.kz.
Басылымның мәліметінше, АҚШ-тың FOX Sports телеарнасы Өзбекстан мен Колумбия құрамаларының 2026 жылғы әлем чемпионаты аясындағы ойынын трансляциялау барысында қателік жіберген.
"Видеодан естілгендей, журналист әрі комментатор Джеки Оутли тікелей эфирде Өзбекстан құрамасын Қазақстан командасы деп атаған. Оутли матчты Англияның бұрынғы халықаралық ойыншысы Джои Бартонмен бірге жүргізді", - деп жазады басылым тілшісі.
Репортаж Мехико қаласындағы "Ацтека" стадионынан жүргізілді, онда Өзбекстан құрамасы әлем чемпионаты тарихындағы дебюттік матчын өткізген еді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nursport.kz/about-sports/2390529-futboldan-ach-2026-sheteldik-kommentator-tikelei-efirde-ozbekstan-quramasyn-qazaqstanmen-shatastyrdy/