Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы 2 алтын медаль иеленді

    Азия чемпионатында екі қазақстандық медаль жеңіп алды
    Азия чемпионатында екі қазақстандық медаль жеңіп алды. Фото: ҰОК

    Қазақстанның триатлон құрамасы Қытайдың Сюйчжоу қаласында өткен Азия чемпионатында екі жүлде иеленді. Бұл туралы ҰОК баспасөз қызметі жазды.

    Ел қоржынына екі медаль түсті. Жеңіс тұғырынан Рамазан Айнегов пен Ясмина Бузуртанова көрінді.

    Айнегов 17 жасқа дейінгі санатта ең үздік нәтиже көрсетіп, "суперспринт" қашықтығын 00:25:49 уақытпен аяқтады.

    15 жасқа дейінгі спортшылар арасында өткен жарыста Бузуртанова қашықтықты 00:30:56 уақытта еңсеріп, чемпион атанды.

    Ертең, 14 маусым күні эстафеталық жарыстарда медальдар сарапқа салынады.

    Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы 2 алтын медаль иеленді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram