Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    2028 жылы Бейжіңде бірден төрт әлем чемпионаты өтеді

    Михаил Шайдоров
    Михаил Шайдоров. Фото: Emmanuel Wong - International Skating Union/International Skating Union via Getty Images

    2028 жылы Қытай астанасы Бейжіңде төрт бірдей спорт түрінен әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Olympic.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Басылымның жазуынша, халықаралық конькишілер одағы (ISU) бір қалада бірден төрт әлем чемпионатын біріктіретін тарихи BEIJING28 жобасы іске қосылғанын мәлімдеген.

    Бұл шешім Испанияның Тенерифе қаласында өтіп жатқан ISU Конгресі аясында жарияланған.

    Осылайша, 2028 жылы Бейжің мәнерлеп сырғанау, конькимен жүгіру спорты, шорт-трек және синхронды сырғанау бойынша әлем чемпионаттарын қабылдайды. Мұндай формат ISU тарихында алғаш рет жүзеге асырылмақ.

    Халықаралық федерацияның мәліметінше, жоба спортшыларды, жанкүйерлерді, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін және серіктестерді бір ауқымды спорттық оқиға аясында біріктіруге мүмкіндік береді.

    Жарыстар Бейжіңдегі олимпиадалық нысандарда өтеді. Олардың қатарында National Indoor Stadium, Capital Indoor Stadium және National Speed Skating Oval ареналары бар.

    2028 жылы Бейжіңде бірден төрт әлем чемпионаты өтеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram