Қазақстандық футболшы әрі жаттықтырушы жол апатынан қаза тапты
Жарияланған күні:
Читать на русском
Футзалдан танымал Elim-ai Kokshetau командасының ойыншысы және "Скаут" балалар футбол клубының жаттықтырушысы Илья Буртовой қайтыс болды, деп хабарлайды Қазақстан футзал қауымдастығына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Суыт хабар туралы қауымдастық Instagram-дағы аккаунтында хабарлады.
"Қазақстан футзал қауымдастығы Elim-ai Kokshetau ойыншысы Илья Буртовойдың 30-ға қараған жасында мезгілсіз қайтыс болуына байланысты отбасы мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады", - делінген хабарламада.
"Скаут" балалар футбол клубының өкілдері де марқұмның жақындарына көңіл айтып, футболшының қазасына қатысты мән-жайды айтты.
"Абай-Қарағанды тас жолында жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы болды. Бұл жол апатынан біздің жаттықтырушымыз Илья Валерьевич Буртовой ауыр жарақат алды. Ол ауыр халде Мақажанов атындағы ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның өмірі үшін күресті, бірақ өкінішке қарай, Илья Валерьевичті құтқарып қалу мүмкін болмады", - делінген клубтың Instagram-дағы парақшасында жарияланған хабарламада.
Клуб өкілдері марқұмның жауапты, өз жұмысына жан-тәнімен берілген, балаларды жақсы көретін нағыз маман болғанын айтады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nursport.kz/about-sports/2385644-qazaqstandyq-futbolshy-ari-zhattyqtyrushy-zhol-apatynan-qaza-tapty/