Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    "Иә" дедім": Абиба Абужақыноваға сүйіктісі тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады (фото)

    Абиба Абужақынова сүйіктісімен
    Абиба Абужақынова сүйіктісімен. Фото: instagram.com/abiba48

    Танымал дзюдошы Абиба Абужақыноваға сүйіктісі тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады. Бұл туралы спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Дзюдошы Instagram-дағы парақшасында "Мен иә дедім", - деп жазып, қуанышты сәттен бірнеше фото жариялаған.

    Алайда Абиба сүйіктісінің түр-келбетін көрсетпеген. Фотодан үлкен қызыл раушан гүл шоғын ұстап тұрған ер адам мен Абибаны байқауға болады.

    Желі қолданушылары спортшыға бақыт тілеп, жылы лебіздерін жазып жатыр.

    Айта кетейік, Абиба Абужақынова – дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы. Ол 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді.

    Спортшы 2022, 2024 жылғы әлем чемпионатының қола, 2025 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері.

    Сондай-ақ 2022 жылғы Азия ойындарының күміс және 2021 және 2022 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері.

    "Иә" дедім": Абиба Абужақыноваға сүйіктісі тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram