Зеленский үшжақты келіссөздерді бастауды қолдайтынын айтты
Жарияланған күні:
Читать на русском
Украина президенті Владимир Зеленский БАҚ өкілдерімен онлайн әңгіме барысында Киев Мәскеу және Вашингтонмен үшжақты кессөздерді бастауды қолдайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ DW-ге сілтеме жасап.
АҚШ арнайы өкілі Уиткоффтың Осло мен Петербургке жасаған сапарынан кейін келіссөздердің жаңа кезеңі талқыланып жатыр. "Украина АҚШ және Ресеймен бірге үшжақты келісссөздерге қатысуға дайын", - деді Зеленский.
Оның айтуынша, үшжақты келіссөздердегі делегациялар, оның түсінігінде президенттердің кездесуін дайындаумен айналысады. Күн тәртібінде қақтығысты аяқтау мәселесі тұрмақ.
"Және, менің түсінуімше, көшбасшылар деңгейіндегі кездесуге бәрін дайындау керек, бұл барлығы үшін өте маңызды. Біз атысты тоқтатуды да, соғыстың аяқталуын да, энергетикалық бітімді де – кез келген бітімді ұсыныстарды қолдаймыз", - деді Зеленский.
Ол сондай-ақ делегациялар қай күні кездесетінін әлі білмейтінін, бірақ ол қарашаның басынан кешіктірілмей өтуге тиіс деп ойлайтынын қосты.
Бұған дейін Владимир Зеленский Ослодағы кессөздер кезінде АҚШ, РФ және Украина көшбасшыларының ықтимал үшжақты кездесуі туралы мәлімдеген еді.
Кеше Украина президенті FOX арнасына берген сұқбатында Ресеймен соғысты қазіргі майдан шебі бойынша тоқтата тұруға келісетінін айтқан.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2446203-zelenskii-ushzhaqty-kelissozderdi-bastaudy-qoldaitynyn-malimdedi/