Францияда жойғыш ұшақ апатқа ұшырады: экипаж мүшесінің денесі табылды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Францияда тапсырманы орындап қайтып келе жатқан Mirage 2000D жойғыш ұшағы апатқа ұшырады. Апат болған жерден экипаждың бір мүшесінің денесі табылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Известия"-ға сілтеме жасап.
Франция әскери-әуе күштерінің Mirage 2000D жойғыш ұшағы Мерт-и-Мозель департаментіндегі Рожевиль ауданында апатқа ұшырады. Экипаж мүшелерінің бірі қаза тапты, екіншісінің тағдыры әзірге белгісіз. Бұл туралы "Известия" Le Monde басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Францияның әскери-әуе және ғарыш күштерінің мәліметінше, сейсенбі, 20 қыркүйекте, Нанси-Оше 133-әуе базасының Mirage 2000D ұшағы тапсырманы орындап қайтып келе жатқанда апатқа ұшырады", - делінген жарияланымда.
Оқиға орнынан экипаж мүшесінің денесі табылды, оның аты-жөні әзірге анықталған жоқ. Екінші әскери қызметші – ұшқышты немесе қару-жарақ жүйесінің операторын іздеу жұмыстары жалғасуда.
Ұшақ 2/3 "Шампань" жойғыш эскадрильясына тиесілі болған. Апаттың себептерін анықтау үшін ұшу қауіпсіздігі саласындағы тергеу және сот ісі басталды.
Понт-а-Муссон мэрі Анри Лемойның сөзінше, ұшақтың сынықтары дронның көмегімен табылды. Рожевиль мэрі Паскаль Дойоттың айтуынша, куәгерлер қатты жарылысты естіп, отты шарды көрген.
Іздеу операциясына Мерт-и-Мозель департаментінің өрт сөндіру және құтқару қызметтері, әскери-әуе күштерінің мамандары мен жандармерия жұмылдырылды. Егістік пен орманды қамтитын аумақты тікұшақпен де тексеріп жатыр.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2445846-frantsiiada-zhoigysh-ushaq-apatqa-ushyrady-ekipazh-mushesining-denesi-tabyldy/