БАҚ: ресейлік ұшақ Қазақстан аумағында дабыл белгісін қосты
Жарияланған күні:
Читать на русском
Новосибирск – Махачкала бағыты бойынша ұшып бара жатқан S7 әуекомпаниясының ұшағы Қазақстан әуе кеңістігінде "7700" дабыл белгісін берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ресейлік БАҚ-қа сілтеме жасап.
ТАСС мәліметінше, Flightradar сервисінің деректері бойынша S7 7099 рейсін орындап келе жатқан әуе кемесі Көкшетау маңында кері бұрылған.
S7 әуекомпаниясының баспасөз қызметі РБК-ға техникалық ақауға байланысты Новосибирск – Махачкала рейсінің экипажы Омбыдағы қосалқы әуежайға қону туралы шешім қабылдағанын хабарлады. Ұшақ қонуға дайындалуда.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2444482-baq-reseilik-ushaq-qazaqstan-aumagynda-dabyl-belgisin-qosty/