Португалияға бет алған ұшақтың терезесі шытынады
Жарияланған күні:
Читать на русском
Лондоннан Португалияға бет алған British Airways ұшағы иллюминатордың шытынауына байланысты шұғыл кері бұрылды, деп жазды People басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Airbus A321 лайнері Лондонның Гатвик әуежайынан португалиялық Фару қаласына ұшып шыққан. Ұшқаннан кейін шамамен бір сағат өткен соң ұшқыштар дабыл қағып, әуе кемесін Франция аумағы үстінде кері бұру туралы шешім қабылдады. Бұған жолаушылар салонындағы иллюминаторлардың бірі шытынауы себеп болды.
Ұшуды бақылау сервистерінің мәліметінше, экипаж қысым айырмашылығын азайту және ұшып шыққан әуежайға қауіпсіз оралу үшін биіктікті төмендеткен. Жолаушылар мен экипаж мүшелерінің ешқайсысы зардап шеккен жоқ, ал лайнер Гатвикке қонды.
Әуе компаниясының өкілдері болған жайтты шағын техникалық ақау деп сипаттады. British Airways жолаушылардан рейстің кешігуіне байланысты кешірім сұрап, компания мамандары олар үшін діттеген жеріне жетудің балама нұсқаларын жедел ұйымдастырғанын атап өтті.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2444071-portugaliiaga-bet-algan-ushaqtyng-terezesi-shytynady/