Сауд Арабиясында барлау тікұшағы апатқа ұшырады: экипаж мүшелері қаза тапты
Жарияланған күні:
Читать на русском
Сауд Арабиясында барлау тікұшағы апатқа ұшырады. Қорғаныс министрлігі апатқа техникалық ақау себеп болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды РБК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Сауд Арабиясы Корольдігінің Қорғаныс министрлігі мен Араб коалициясының ресми өкілі, генерал-майор Турки аль-Малики әлеуметтік желіде болған оқиғаға қатысты пікір білдірді.
Оның мәліметінше, апатқа ұшыраған AH-6i тікұшағының бортында екі экипаж мүшесі болған – олар қаза тапқан. Тікұшақ Сауд Арабиясының ұлттық гвардия министрлігінің бақылауындағы аумаққа құлаған.
Апат аймақтағы қақтығыстың ушығып тұрған кезінде болғаны атап өтілді. Кейінгі апталарда Наджран ауданы хуситтердің шабуылына ұшырап жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Эр-Риядтағы король Халид атындағы халықаралық әуежайға жасалған шабуыл салдарынан кемінде 12 адам қаза тауып, 309 адам жарақат алған еді. Болған жағдай үшін нысанға қарай зымыран ұшырған йемендік хуситтер айыпталып отыр.
Осыдан кейін бірқатар араб елінің әуе компаниялары Сауд Арабиясына бағытталған рейстерді тоқтатты.
Сонымен қатар ҚР Сыртқы істер министрлігі Сауд Арабиясындағы азаматтық инфрақұрылымға жасалған шабуылдарға байланысты ел азаматтарына үндеу жасады.
Жақында Сауд Арабиясының астанасында әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері екі зымыранды атып түсірді, олардың сынықтарынан тұрғындар зардап шегіп, үйлер бүлінді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2444033-saud-arabiiasynda-barlau-tikushagy-apatqa-ushyrady-ekipazh-musheleri-qaza-tapty/