Зеленский Путин және Трамппен кездесу қай жерде өтуі мүмкін екенін айтты
Жарияланған күні:
Читать на русском
Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ және Ресей басшыларымен өтуі мүмкін үшжақты кездесу туралы пікір білдірді. Ол Штаттар бұл бағытта жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бұл туралы Зеленский Telegram-дағы арнасында жазды. Оның айтуынша, үшжақты кездесу өткізу жоспарланып отыр.
"Путинмен кездесуге келсек, АҚШ оны ұйымдастыру бойынша жұмыс істеп жатыр. Оларда үшжақты кездесу өткізу туралы ұсыныс бар. Ол Таяу Шығыс елдерінің бірінде өтуі мүмкін. АҚШ әрдайым БАӘ немесе Сауд Арабиясын атайды", - деді ол.
Сондай-ақ Украина президентінің сөзінше, кездесу АҚШ-та немесе Еуропа елдерінің бірінде өтуі мүмкін.
"Кездесу, сонымен қатар, G20 отырысы кезінде АҚШ-та өтуі мүмкін. Бірақ әзірге Ресей тарапынан да, тиісінше АҚШ тарапынан да ешқандай растау болған жоқ. Бұдан бөлек, кездесу еуропалық елдердің бірінде өтуі ықтимал. Еуропалықтардың бұл мәселе бойынша байланыс орната бастағанын білемін. Нәтижесін сәл кейінірек көреміз", - деп жазды Зеленский.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2444010-zelenskii-putin-zhane-tramppen-kezdesu-qai-zherde-otui-mumkin-ekenin-aitty/