Араб елдерінің әуе компаниялары Сауд Арабиясына рейстерді тоқтатты
Жарияланған күні:
Читать на русском
Бірқатар араб елінің әуе компаниялары хуситтердің Эр-рияд әуежайына жасаған шабуылынан кейін Сауд Арабиясына бағытталған рейстерді тоқтатты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Анадолуға" сілтеме жасап.
Хуситтердің шабуылына ұшыраған Король Халид атындағы халықаралық әуежай 17 қазанға дейін жұмысын тоқтатқаны атап өтілген.
Соңғы оқиғаларға байланысты:
- Бахрейндік Gulf Air әуе компаниясы 12-17 қазан аралығында Бахрейн мен Эр-Рияд арасындағы барлық рейстің екі бағытта да жойылғанын жариялады.
- Qatar Airways соңғы оқиғаларға байланысты Эр-Рияд пен Даммамға ұшуды уақытша тоқтатқанын хабарлады.
- Біріккен Араб Әмірліктерінің ұлттық әуе тасымалдаушысы Etihad Airways Абу-Даби мен Эр-Рияд арасындағы барлық рейсті 19 қазан, дүйсенбіге дейін тоқтатты. Сонымен қатар компания сейсенбі мен сәрсенбіге жоспарланған Абу-Даби мен Даммам арасындағы барлық рейс, сондай-ақ Абу-Дабиден Жиддаға бағытталған рейстердің бір бөлігі бейсенбіге дейін ұшпайтынын жеткізді.
- Кувейттік Kuwait Airways әуе компаниясы 10 және 11 қазандағы мәлімдемелерінде Король Халид атындағы халықаралық әуежайдың уақытша жабылуына байланысты Эр-Риядқа рейстердің жойылғанын жариялады.
- Мысырлық EgyptAir әуе компаниясы да 10 қазанда Каир мен Александриядан Эр-Риядқа ұшуды Сауд Арабиясы астанасының әуежайы жұмысын қайта бастағанға дейін тоқтатқанын хабарлады.
Бұған дейін Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Сауд Арабиясының азаматтық инфрақұрылымына жасалған шабуылдарға байланысты ел азаматтарына үндеу жасағанын жазған едік.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2442295-arab-elderining-aue-kompaniialary-saud-arabiiasyna-reisterdi-toqtatty/