Трамп Путин мен Зеленскийді бетпе-бет кездесуге шақырды
Жарияланған күні:
Читать на русском
АҚШ президенті Дональд Трамп Украинадағы қақтығысты аяқтау үшін Владимир Путин мен Владимир Зеленскийді бетпе-бет кездесуге шақырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
РИА Новостидің жазуынша, Ақ үйдің алдында журналистермен тілдескен америкалық көшбасшы екі президенттің бетпе-бет кездесуі қажет екенін мәлімдеген.
"Зеленский мен Путин кездесіп, осы бір мағынасыз соғысқа нүкте қоюы тиіс", - деді Трамп.
Сондай-ақ РБК-ның мәліметінше, Ақ үй басшысы Мәскеу мен Киев келісімге келгісі келеді, бірақ "мұны қалай жасау керектігін білмейді" деп санайды.
Трамп Путиннің келісімге келуге Зеленскийге қарағанда көбірек мүдделі екенін де атап өткен.
"Меніңше, мынадай жағдай болып жатыр: ол мәміле жасағысы келеді, енді біз Зеленскийдің де келісімді қалауына ықпал етуіміз керек", - деп түсіндірді америкалық көшбасшы.
Трамп мәміле жасалатынына уәде берді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2441700-tramp-putin-men-zelenskiidi-betpe-bet-kezdesuge-shaqyrdy/