Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Үндістанда ұшақ шұғыл қонды: салонда пауэрбанк жанған (видео)

    ұшақ бортындағы өрт
    Ұшақ салоны. Видеодан кадр: x.com/aviationbrk

    Делиден Ченнаиге бағыт алған IndiGo рейсі салонда пауэрбанк тұтанғандықтан Хайдарабад қаласына шұғыл қонды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Indian Express-ке сілтеме жасап хабарлайды.

    Оқиға 11 қазанда болды – әуеде жолаушылардың бірінің пауэрбанкі тұтанған.

    Белгіленген хаттамаларға сәйкес ұшқыштар ұшу бағытын өзгерту туралы шешім қабылдаған және ұшақ Хайдарабадтағы Раджив Ганди атындағы халықаралық әуежайға аман-есен қонған.

    Жолаушылар басқа ұшаққа отырып, сапарын жалғастырды.

    Үндістанда ұшақ шұғыл қонды: салонда пауэрбанк жанған (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram