18+
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Сауд Арабиясы астанасындағы әуежайға шабуыл жасалды: 12 адам қаза тауып, 300-ден астамы жараланды

    Әуедегі ұшақ
    Әуедегі ұшақ. Иллюстрациялық фото: pexels.com

    Эр-Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл салдарынан кемінде 12 адам қаза тауып, 309 адам жараланды. Дипломатиялық дереккөз жауапкершілікті йемендік хуситтерге жүктеп отыр. Бұл туралы DW-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлады.

    Басылым мәліметінше, Эр-Риядтағы король Халид атындағы халықаралық әуежайға жасалған шабуыл салдарынан кемінде 12 адам қаза тауып, 309 адам жараланды. Бұл туралы 11 қазанда, жексенбіде Сауд Арабиясының Азаматтық авиация басқармасы хабарлады.

    Бұл ретте дипломатиялық дереккөз оқиғаға нысанға зымыран атқан йемендік хуситтер кінәлі екенін алға тартып отыр.

    Қаза тапқандардың арасында Сауд Арабиясының төрт азаматы, Бангладештің екі азаматы, АҚШ-тың бір азаматы, бір мысырлық, бір иорданиялық, бір сириялық, бір палестиналық және бір судандық бар. Жараланғандардың кейбірі ауыр халде жатыр.

    Бұл апта ішінде әуежайға жасалған үшінші шабуыл екені айтылды.

    Басылым деректеріне сәйкес, ауруханалар лық толы, жараланғандарды жедел жәрдем көліктері мен тікұшақтармен жеткізген, деп хабарлаған дереккөздер.

    DW шабуыл ескертусіз болғанын, Сауд Арабиясының қауіп туралы хабарлау жүйесі іске қосылмағанын жазады. Осы аптада әуе айлағына жасалған алдыңғы екі шабуыл төрт адамның өмірін қиып, саудиялық коммерциялық ұшаққа елеулі зақым келтірген.

    Сенбідегі шабуылдан кейін барлық рейс Эр-Риядтан басқа жаққа бағытталды. Шамамен 8 млн халқы бар қалаға қызмет көрсететін әуежайдың жұмысы уақытша тоқтатылды.

    Хуситтер X әлеуметтік желісінде әуе кемелері Сауд Арабиясының әуе кеңістігінен аулақ болуы керегін мәлімдеп, оны "әскери операциялар аймағы" деп жариялады.

    Жақында хуситтер Сауд Арабиясындағы екі әуежайға, сондай-ақ Aramco компаниясының мұнай өңдеу зауытына шабуыл жасағанын мәлімдегені хабарланған болатын.

    Сауд Арабиясы астанасындағы әуежайға шабуыл жасалды: 12 адам қаза тауып, 300-ден астамы жараланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram