Зеленский украиналық делегация АҚШ-та жаңа бейбітшілік жоспарын талқылайтынын мәлімдеді
Жарияланған күні:
Читать на русском
Украина делегациясы бүгін, 9 қазанда президенттің арнайы өкілдері Кушнер және Уиткоффпен кездесу үшін АҚШ-қа сапар шегеді. Бұл туралы Владимир Зеленский мәлімдеді, деп хабарлайды УНИАН-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
9 және 10 қазанда делегация Трамптың арнайы өкілдерімен Ресеймен арадағы қақтығысты аяқтаудың жаңа жоспары бойынша келіссөздер жүргізеді.
Келіссөздер жүргізетін украиналық топтың құрамына мына тұлғалар кіреді:
- Президент кеңсесінің басшысы Кирилл Буданов;
- Президент кеңсесі басшысының орынбасары Сергей Кислица;
- парламенттегі "Слуга народа" фракциясының төрағасы Давид Арахамия;
- Украинаның Сыртқы барлау қызметінің төрағасы Рустем Умеров.
Зеленскийдің айтуынша, кездесулер екі күн қатарынан өтеді. Сондай-ақ ол кездесуге еуропалық тарап қосылуы мүмкін екенін жеткізді.
Айта кетейік, бұған дейін Дональд Трамп Мэриленд штатындағы сөзінде Украинадағы қақтығыстың жақын арада аяқталатынын мәлімдеген болатын.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2440295-zelenskii-ukrainalyq-delegatsiia-aqsh-ta-zhanga-beibitshilik-zhosparyn-talqylaitynyn-malimdedi/