18+
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Стамбұлда жеті қабатты үйдің үш қабаты құлады (видео)

    Ішінара опырылған үй
    Ішінара опырылған үй. Фото: x.com/anadoluajansi

    Стамбұлда жеті қабатты үйдің үш қабаты құлады – құтқарушылар үйінді астынан бірнеше адамды шығарды. Оқиға орнынан түсірілген кадрлар желіде тарады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    РИА Новости агенттігінің мәліметінше, Стамбұлдың шығысында жеті қабатты тұрғын үй ішінара опырылған. Провинция губернаторы Давут Гюль үйінді астында адамдар бар екенін хабарлады.

    Жеті қабатты үйдің үш қабаты құлаған. Гюльдің нақтылауынша, үй 1987 жылы салынған, ондағы 12 пәтерде 33 адам тұрады.

    Жергілікті NTV телеарнасына сілтеме жасаған ТАСС-тың жазуынша, оқиға орнында құтқарушылар жұмысын жалғастыруда, тұрғындарды эвакуациялау жүріп жатыр.

    Үйінді астынан үш адам шығарылған – құтқарылғандардың арасында 14 жастағы жасөспірім бар. Зардап шеккен барлық адам ауруханаға жеткізілген.

    Әлеуметтік желілерде оқиға орнынан түсірілген кадрлар тарады.

    Стамбұлда жеті қабатты үйдің үш қабаты құлады (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram