Flydubai рейсіндегі төтенше жағдай: жараланған ұшқыштың жағдайы туралы тың дерек шықты
Жарияланған күні:
Читать на русском
Үндістанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшілігі төтенше жағдай болған Flydubai әуекомпаниясының рейсінде жараланған ұшқыштың денсаулығы туралы мәлімет берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ТАСС-қа сілтеме жасап.
Үндістанның БАӘ-дегі елшілігінің ақпаратына сәйкес, әмірліктердің Flydubai әуекомпаниясының ұшағында жараланған үндістандық ұшқыш Смит Маччхардың денсаулық жағдайы жақсы деп бағалануда.
"Капитан Маччхардың жағдайы жақсы және тез сауығып келеді", - делінген үндістандық елшінің БАӘ-дегі ауруханаға барғаннан кейін жасаған мәлімдемесінде. Зардап шеккен ұшқыш ол жерге Сауд Арабиясынан жеткізілген.
Маччхар Дубайдан Тель-Авивке бет алған рейстің экипаж командирі болған, сол сапар кезінде екінші ұшқыш оған пышақ жарақатын салған, соның салдарынан ұшақ Сауд Арабиясының әуежайына шұғыл қонуға мәжбүр болды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2437091-flydubai-reisindegi-totenshe-zhagdai-zharalangan-ushqyshtyng-zhagdaiy-turaly-tyng-derek-shyqty/
