Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Дубай - Тель-Авив рейсі ұшақты басып алу туралы дабыл берді: ақпарат расталмады, себебі айтылды

    Ұшақ
    Ұшақ. Иллюстрациялық фото: pexels.com

    Израильдік БАҚ Дубайдан Тель-Авивке бағыт алған жолаушылар ұшағын әлдекімдер басып алу мүмкін деген ақпараттың расталмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    РБК-ның Channel 12 телеарнасына сілтеме жасап жазуынша, бұған дейін дабыл белгісін беріп, радардан жоғалып кеткен ұшақпен байланыс қайта орнаған.

    Кейінірек әуе кемесінің Сауд Арабиясына қонғаны белгілі болды. Ал басып алу туралы дабыл борттағы "жанжалдан" кейін іске қосылған.

    РИА Новости агенттігінің мәліметінше, Flydubai әуекомпаниясы израильдік телеарнаға Дубай - Тель-Авив рейсінде ұшқыштар арасында төбелес болғанын растаған.

    "Flydubai ұшқыштар арасында төбелес болғанын растап отыр", - деп хабарлаған телеарнаның жаңалықтар қызметі.

    Telegram-дағы SHOT арнасының ақпаратына сәйкес, жергілікті БАҚ экипаж құрамында екі ұшқыш болғанын, оның біреуі Ресейден, екіншісі Украинадан екенін жазып жатыр.

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін БАҚ-та Сауд Арабиясы аспанында бұрылу кезінде Boeing 737 жолаушылар ұшағының апаттық белгі бергені туралы ақпарат тараған еді. Ол ұшақты басып алу немесе заңсыз араласу қаупін білдіретін 7500 кодын жіберген.

    Осыдан кейін Израиль ӘӘК (Әскери-әуе күштері) жойғыш ұшақтары әуеге көтеріліп, ұшаққа қарай бағыт алды.

    Дубай - Тель-Авив рейсі ұшақты басып алу туралы дабыл берді: ақпарат расталмады, себебі айтылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram