БАҚ: БАӘ-ден Израильге бет алған Flydubai ұшағы радардан жоғалып кетті
Жарияланған күні:

БАӘ-ден ұшып шыққан Flydubai рейсі ұшақты басып алу мүмкіндігі туралы сигнал беріп, радардан жоғалып кетті, деп хабарлайды РИА Новости Израиль мемлекеттік телевизиясына сілтеме жасап.
Ақпарат агенттігінің израильдік телевизияға сілтеме жасап хабарлауынша, БАӘ-ден Израильге бет алған Flydubai ұшағы басып алу мүмкіндігі туралы сигнал беріп, радардан жоғалып кетті.
Кейін радардан жоғалған БАӘ-ден ұшып шыққан ұшақ бірнеше минуттан соң Сауд Арабиясына қонуы мүмкін екені хабарланды.
SHOT ақпаратына сүйенсек, апаттық сигналды Boeing 737 жолаушылар ұшағы берді. Алдын ала мәлімет бойынша, бортта 180 адам, оның ішінде 150 Израиль азаматы бар.
РБК агенттігінің Ynet-ке сілтеме жасап хабарлауынша, бортта 174 жолаушы, оның ішінде 27 бала болуы мүмкін. Қауіпсіздік қызметкері ұшақты басып алғаны туралы әзірге сенімді ақпарат жоқ екенін айтқан.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2435866-baq-baa-den-izrailge-bet-algan-flydubai-ushagy-radardan-zhogalyp-ketti/
