Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Сот Юрий Дудьті қамауға алу туралы сырттай шешім шығарды: ол 7 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

    Юрий Дудь
    Юрий Дудь. Фото: instagram.com/yurydud

    Мәскеу соты журналист Юрий Дудьке қатысты сырттай бұлтартпау шарасын таңдады. Оған тағылған айып терроризмге жария түрде шақырумен байланысты, ол үшін жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РБК-ға сілтеме жасап.

    Мәскеудің Басман аудандық соты журналист Юрий Дудьті терроризмге жария түрде үгіттеу ісі бойынша сырттай қамауға алды. Бұл туралы Ресей астанасының жалпы юрисдикциялық соттарының баспасөз қызметі хабарлады.

    "Сот оны экстрадицияланып, Ресей құқық қорғау органдарына берілген жағдайда немесе Ресей аумағында ұсталған сәттен бастап екі ай мерзімге қамауға алу туралы шешім шығарды.

    Оған РФ Қылмыстық кодексінің 205.2-бабы, 2-бөлігі бойынша бес жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған", - делінген жарияланымда.

    Сот Юрий Дудьті қамауға алу туралы сырттай шешім шығарды: ол 7 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram