Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Трамп Си Цзиньпинді ұшақ трапының жанында өзі қарсы алды (видео)

    Си Цзиньпин мен Дональд Трамп
    Си Цзиньпин мен Дональд Трамп. Фото: Chip Somodevilla/Getty Images

    АҚШ президенті Дональд Трамп ҚХР төрағасы Си Цзиньпинді ұшақ трапынан қарсы алды. Қытай басшысы АҚШ-қа мемлекеттік сапармен келді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Синьхуа" ақпарат агенттігінің мәліметінше, Си Цзиньпин Эндрюс базасына ұшақпен келген. Салтанатты рәсімге АҚШ-тың бірінші ханымы Мелания Трамп та қатысты.

    Қарсы алу рәсімі барысында зеңбіректен оқ атылып, екі елдің мемлекеттік әнұрандары орындалған.

    РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, Трамп жұбайымен бірге барлық дайындық жұмысы аяқталған кезде ұшу-қону жолағына келген. Трап алдына қызыл кілем төселіп, оның екі жағына америкалық әскери қызметшілер мен Қытай делегациясының мүшелері сап түзеп тұрды.

    АҚШ президенті ҚХР төрағасының шығуын күтіп, бірнеше минут олармен әңгімелескен.

    Си Цзиньпин ұшақтан бірінші ханым Пэн Лиюаньмен қол ұстасып шықты. Көшбасшылардың траптағы қол алысуы ұзаққа созылмады, алайда олар ұшақ жанында біраз уақыт аялдап, әңгімелесіп тұрды. Сол сәтте оларға бір ұл мен бір қыз бала жақындап, гүл шоқтарын сыйлады.

    Қарсы алу рәсімінің соңында делегацияның үстінен бомбалаушы ұшақ ұшып өтті.

    Трамп Си Цзиньпинді ұшақ трапының жанында өзі қарсы алды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram