Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Трамп Си Цзиньпинмен кездесу үшін 60 жылдық хаттаманы бұзбақ

    Дональд Трамп
    Дональд Трамп. Фото: Artur Widak/Anadolu via Getty Images

    Дональд Трамп Си Цзиньпинді Вашингтон маңындағы "Эндрюс" әскери базасында өзі қарсы алады. Ол шамамен 60 жыл бойы АҚШ ұстанып келген хаттаманы бұзбақ, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новости-ге сілтеме жасап.

    Бұған дейін ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің АҚШ-қа 23-25 қыркүйек аралығында мемлекеттік сапармен баратынын хабарлаған едік.

    АҚШ президенті Дональд Трамп ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинді қарсы алу үшін 60 жылға жуық сақталған хаттаманы бұзатыны белгілі болды, деп жазады РИА Новости Financial Times басылымына сілтеме жасап.

    "Сәрсенбіде Дональд Трамп Си Цзиньпинді "Эндрюс" әуе базасында қарсы алады... бұл алты онжылдық бойы сақталған хаттамадан бұзу болып саналады. Бұл АҚШ-тың Жоғарғы Бас қолбасшысы 1962 жылы Джон Кеннедидің Ұлыбритания премьер-министрі Гарольд Макмилланды ұшу-қону жолағында қарсы алғанынан бері әлемдік көшбасшыны осы базада жеке өзі қарсы алған алғашқы жағдай болмақ", - деп жазады басылым.

    Бұл қадам үлкен құрметтің белгісі болатыны атап өтілді.

    Айта кетейік, Трамп басқа әлемдік держава көшбасшысын өзі бірінші рет қарсы алып тұрған жоқ. 2025 жылдың тамызында ол Ресей президенті Владимир Путинді Анкоридждегі ұшу алаңында қарсы алған болатын.

    Трамп Си Цзиньпинмен кездесу үшін 60 жылдық хаттаманы бұзбақ

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram