Зеленский Ресеймен арадағы қақтығыс қысқа дейін аяқталады деп үміттенеді
Жарияланған күні:
Читать на русском
Украина президенті Владимир Зеленский Дональд Трамптың көмегімен Ресеймен арадағы қақтығыс қысқа дейін аяқталады деп үміттенеді. Бұл туралы РБК-Украинаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Украина мен АҚШ көшбасшылары БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-ші сессиясы аясында кездесу өткізді.
"Бұл соғысты қысқа дейін аяқтаймыз және Трамп бұған көмектеседі деп үміттенемін", - деді Зеленский.
Айта кетейік, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей мен Украина арасындағы қақтығыс жақын арада аяқталатынын мәлімдеген еді.
Ақ үй басшысы сегіз соғысты тоқтатқанын, бірақ бұл қақтығыс "ең күрделісі" екенін жеткізді. Соған қарамастан, АҚШ өкілдері оны аяқтау үшін тынбай жұмыс істеп жатыр, деді Трамп Солтүстік Каролина штатында жақтастарының алдында сөйлеген сөзінде.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2431657-zelenskii-reseimen-aradagy-qaqtygys-qysqa-deiin-aiaqtalady-dep-umittenedi/
